Елге келгендердің саны кеткендердің санынан басым болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаңтар-қыркүйек аралығында елден 5,9 мың адам көшіп кеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,4% аз. Көші-қон сальдосы оң мәнде қалып отыр – 10,2 мың адам.
"Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асырылады. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 82,7%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі – 73,2%. Басқа мемлекеттерден келгендердің ішінде Қытай, Моңғолия және Түркия азаматтары басым", – делінген статистика бюросы таратқан ақпаратта.
Қазақстанға қоныс аударғандардың көпшілігі мына өңірлерге тұрақтаған:
- Алматы облысы – 4,4 мың адам;
- Алматы қаласы – 2,6 мың адам;
- Маңғыстау облысы – 2,3 мың адам;
- Астана қаласы – 1 мың адам.
Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8% артты.
Өңіраралық көші-қон бойынша оң сальдо 4 өңірде қалыптасты:
- Астана – 67,2 мың адам;
- Алматы – 27,8 мың адам;
- Шымкент – 13 мың адам;
- Алматы облысында – 8 мың адам.