Биыл Қазақстанға 17 млрд теңгеге мандарин жеткізілген

145

Жалпы импорттың 54 пайызға жуығы Қытайға тиесілі.

Биыл Қазақстанға 17 млрд теңгеге мандарин жеткізілген Фото: cross export

Биыл Қазақстанға тоғыз айда 17 миллиард теңгеге 52 мың тонна цитрус жемісі жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Деректерге сүйенсек, жалпы импорттың басым көпшілігі Қытайдан кейін Пәкістанға тиесілі. Ал Түркиядан бес мың тоннаға жетер-жетпес мандарин импортталып, үшінші орында тұр. Биыл өткен жылдардағыдай сөрелерде самсап тұратын марокколық мандарин көрінбейді. 

Бұл жеміс биыл Қазақстанға 37 пайызға көбірек жеткізілген.

Жемістің көлемі артқанымен, бағасы сол қалпында. Қытайда өсірілген цитрустың келісі Алматыда 1000-1600 теңге аралығында. Түркия мен Мароккодан әкелінетін цитрус жемісі 1500 теңгеге саудаланып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу