ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың жеті айындағы қауын-қарбыз импорты мен экспорты туралы қызық деректерді айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Комитеттің мәліметінше, осы кезеңде Қазақстанға 8 911,1 мың доллар болатын 43,5 мың тонна қарбыз мен қауын импортталған:
· Өзбекстаннан 34 мың тонна;
· Ираннан 3,1 мың тонна;
· Тәжікстаннан 421,5 тонна.
Сарапшылардың айтуынша, жеті айда Қазақстаннан 959,6 мың доллар болатын 2,9 мың тонна асқабақ мына елдерге экспортталды:
· Монғолияға 940,8 тонна;
· Латвияға 574,2 тонна;
· Украинаға 716 тонна;
· Германияға 252,3 тонна;
· Польшаға 271,3 тонна;
· Эстонияға 115,2 тонна және тағы басқа.
Бір қызығы, экспорттың негізгі бөлігі қауын-қарбыз болды.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл экспорт 1,8 мың тоннаға өскені айтылады.