Мұндай дерекпен көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биыл Қазақстанға бес миллионнан астам шетелдік келді. Бірінші орында Ресей Федерациясының азаматтары - 2 миллион 900 мың. Екінші орында Өзбекстан - 2 миллион 300 мың. Сондай-ақ Қазақстанға 730 мың қырғыз азаматы келген. Тәжікстаннан 330 мыңнан астам адам, Түркиядан 90 мыңға жуық адам келді", - деп нақтылады Аслан Аталықов.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік бар.
Сондай-ақ 2022 жылы елден алты миллионға жуық адам кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу