Биыл Қазақстанға қанша адам көшіп келген?

524

Елімізден 20,3 мың адам көшіп кетті. Бұл былтырғыға қарағанда 19,7%-ға аз.  

Биыл Қазақстанға қанша адам көшіп келген? Фото: ult.kz

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге 11 мың адам қоныс аударды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,7%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон сальдосы теріс мәнге ие: -9,3 мың адам.

Келгендердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелді (2,4 мың адам). Үштіктер қатарында  Алматы қаласы (2,1 мың адам) және Алматы облысы (1,4 мың адам) бар. Көшіп келушілердің аз саны Қызылорда облысында байқалды (12 адам).

Өңірлік бөліністе Қарағанды облысынан көшіп кеткендер көп (2,5 мың адам). Одан кейінгі орындарда Қостанай (2,4 мың адам) және Павлодар (2,3 мың адам) облыстары бар. Қызылорда облысынан басқа аймақтарға кетушілердің ең саны тіркелді (42 адам).

Елімізге Өзбекстаннан 4,8 мың адам келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 88,8%-ға артық. Одан бөлек Ресей (2,9 мың адам), Түрікменстан (468 адам), Қырғызстан (466 адам) мен Қытайдан (339 адам) келгендер де бар.

Елімізден кеткендердің басым бөлігі Ресейге қоныс аударған (16,6 мың адам). Бұл былтырғыға қарағанда 21,4%-ға аз. Негізгі бес бағытқа Германия (1931 адам), АҚШ (263 адам), Польша (252 адам) және Өзбекстан (220 адам) кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу