2017 жылдың қаңтар-қыркүйекте Қазақстаннан 24,3 мың адам қоныс аударған. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 23,4 мың адам болған еді, деп хабарлайды 7kun.kz.
2017 жылдың сегіз айында Қазақстаннан көшіп кеткен адамдар саны 2016 жылмен салыстырғанда 29,5%-ға (10,8 мың адам) көбейген. Көші-қон сальдосы бойынша 13,5 адамды құрады.
Оның ішінде ТМД елдерінен Қазақстанға 7,6 мың адам келсе, 21,9 адам Қазақстаннан кеткен. ТМД елдері бойынша сальдо – 14,3 мың адам.
ТМД-дан тыс елдерден 3,2 мың адам Қазақстанға қоныс аударса, 2,3 мың адам Қазақстаннан кеткен.
Статистикалық мәлімет бойынша, 2017 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстандағы халық саны 18 074,1 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалық жерде – 10 367,4 мың (57,4%) адам болса, ал ауылдық жердегілердің саны 7 706,7 мың адамға (42,6%) жеткен.