Биыл Қазақстаннан 31 мыңнан астам адам қоныс аударған

1768

Қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанға келгендер қатары да 11,9 пайызға азайған.

Биыл Қазақстаннан 31 мыңнан астам адам қоныс аударған

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстаннан 31 мың 287 адам қоныс аударған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға көп көрсеткіш.

Былтыр 9 айда 3 мың 550 адам кеткен болатын.

Статистика комитетінің есебінше, қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанға келгендер қатары да 11,9 пайызға азайған.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендер үлесі 81,3 пайыз болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 91 пайызға жетіп отыр.

Ал алыс шетелдерге қоныс аударғандардың саны 23,5 пайызды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу