Биыл Қазақстаннан шетелге екі есе көп ақша аударылған

889

Биыл Қазақстаннан шетелге екі есе көп ақша аударылған

Қазақстандықтар биыл Қытай, Қырғызстан және Түркияға өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп ақша аударған. Алайда көш басында әлі де Ресей тұр, деп хабарлайды Atameken TV.

Ranking.kz-тің дерегінше,  қаңтар-сәуір аралығында бұл елге шығарылған қаражат 31,2 пайызға өсіп, 69 млрд 600 млн теңгеге жеткен. Өзбекстанға аударымдар көлемі 40 пайызға артып, 19 млрд 500 млн теңгені құрады. Жыл басынан бері елімізден Түркияға жіберілген қаржы да екі есе өсті. Аударымдар мөлшері 11 пайызға артып, 18 млрд 300 млн теңгені шамалады.

Ал аударымдар жүйесі бойынша шетелдік ұйымдар алда тұр. 93 млрд теңге "Золотая корона" арқылы шығарылса, 25 млрд теңге Western Union бойынша аударылған. Сондай-ақ, үздіктер қатарында 14 млрд 500 млн теңге аударған UNIStream жүйесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу