Биыл Қазақстанның әуе компаниялары 6,8 миллион жолаушыны тасымалдады

509

Биыл Қазақстанның әуе компаниялары 6,8 миллион жолаушыны тасымалдады

2018 жылдың 10 айында елімізде жолаушылар әуе тасымалы 10%-ға өсті, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Еліміздегі әуе тасымалы саласындағы өсім қарқыны сақталып келеді. 2018 жылдың 10 айында жергілікті әуежайлар 12,7 млн адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға (12,0 млн) артық.

2018 жылдың 10 айында Қазақстанның әуе компаниялары 6,8 млн жолаушыны тасымалдады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (6,2 млн адам) әуе көлігімен жолаушылар тасымалының өсімі 10% құрады. 

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) баяндамасында Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең серпінді дамып келе жатқан нарықтың бірі ретінде танылып отыр. IATA болжамына сәйкес, алдағы 20 жылда біздің еліміздегі әуе көлігімен сапарлаушылар саны 8 миллионнан 18 миллионға дейін артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу