Биыл Қазақстанның автокөлігін Өзбекстан көп сатып алды

2887

Экспортталған 2 475 автокөліктің 1804-і көрші елге жіберілген.

Биыл Қазақстанның автокөлігін Өзбекстан көп сатып алды

Биылғы жылдың 6 айында Қазақстанда көлік құралдарының барлық түрінің 32 701 бірлігі өндірілді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Аталған көрсеткіш 2019 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда (20 608 бірлік) 58,6%-ға артық.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 19 млрд теңгеге 2 475 жеңіл және коммерциялық автокөлік экспортталған, ал 2019 жылдың ұқсас кезеңінде барлығы 2,2 млрд теңге сомасына 607 автомобиль экспортқа жіберілген.

2020 жылы:

Өзбекстан Республикасына – 16,0 млрд теңге сомасына 1804 автокөлік (2019 жылы-0);

Ресей Федерациясына – 2,7 млрд теңге сомасына 618 автокөлік (2019 жылы 2,17 млрд теңге сомасына 598 авто);

Қырғыз Республикасына – 163 млн теңге сомасына 48 автокөлік (2019 жылы 5,5 млн теңге сомасына 1 автокөлік);

Беларусь Республикасына 32 млн теңге сомасына 5 автокөлік  (2019 жылы 72 млн теңге сомасына 8 автокөлік ) экспортталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу