Биыл қазан мен қараша әдеттегіден жылы болады

459

Келесі айда жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормаға жуықтайды.  

Биыл қазан мен қараша әдеттегіден жылы болады Фото: gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында қазан және қараша айларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауа райы болжамына сәйкес қазан айында республиканың басым бөлігінде айлық ауа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады. Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында және Абай облысында нормаға жақын болады деп күтіледі", – деді министр.

Әлібек Қуантыров қазан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, ал елдің қиыр батысы мен солтүстік-батысында (Батыс Қазақстан облысында, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде және Қостанай облысының солтүстік-батысында) нормадан жоғары болатынын айтты. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың жазық бөлігінде, еліміздің орталық облыстарының оңтүстігінде және Абай облысының оңтүстігінде нормадан төмен болады деп болжанады.

"Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, қараша айы жылы болады деп күтіледі республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері норма шамасында республиканың басым бөлігінде – Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының солтүстік бөліктерінде нормадан жоғары болады деп күтіледі. Толығырақ болжамдарды "Қазгидромет" аптасына екі рет, дүйсенбі және сәрсенбі күндері, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Үкімет Аппаратына ұсынады. Болжам бір аптаға, облыстар мен күндер бойынша нақтыланып беріледі", – деп түсіндірді Экология және табиғи ресурстар министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу