Биыл бес парыздың бірін орындап, қасиетті мекенді зиярат етушілердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артуы мүмкін, деп хабарлайды muslim.kz.
Айта кетейік, былтырғы қажылық маусымында қасиетті мекенге 1,9 млн жан келген болса, биыл бұл көрсеткіш 2,6 млнға дейін жетпек.
Мұндай болжам жасауға Харам мешітіндегі инфрақұрылымды өзгерту жұмысының аяқталғаны себеп болып отыр. Жаңа мүмкіндіктің арқасында енді Қағбаны 1 сағатта 48 000 жан тауап ете алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу