Биыл Келесте қарбыз маусымы ерте басталды

160

Алғашқы өнімдер сатылымға шыға бастады.

Биыл Келесте қарбыз маусымы ерте басталды Фото: Келес ауданының әкімдігі

Бозай ауылдық округіне қарасты Тартоғай елді мекеніндегі "Жүсіпбек" шаруа қожалығы алғашқы өнімін нарыққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шаруа қожалық биыл 25 гектар суармалы алқапқа қарбыз еккен. Заманауи агротехнологиялар мен тамшылатып суару әдісін қолдану нәтижесінде өнім жылдағыдан бір апта бұрын пісіп жетілді.

"Қарбыздардың орташа салмағы – 10 келі, ал ең ірілері 15 келіге дейін жетеді. Қазіргі таңда өнімнің келісі 200 теңгеден сатып жатырмыз", – дейді шаруа Жүсіпбек Әшірбеков.

Қожалық маусым кезінде ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтып отыр. Мұнда күніне 40-қа жуық адам маусымдық жұмыстарға тартылған. Бұл ауыл халқы үшін табыс көзі болса, кәсіп иесі үшін – өнімділікті арттырудың бір жолы.

Айта кетейік, өткен жылы Келес ауданында 22 871 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жалпы өнім көлемі 70,1 млрд теңгені құраған. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш 7,6 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ, жаңбырлатып суару технологиясы да кеңінен енгізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу