Биыл коммуналдық тарифтер 10%-дан 30%-ға дейін өседі

Коммуналдық кәсіпорындар 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді. 

Биыл коммуналдық тарифтер 10%-дан 30%-ға дейін өседі Фото: astanatv.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл коммуналдық тарифтер    тарифтер 10%-дан 30%-ға дейін өседі. Бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз    коммуналдық инфрақұрылымның    сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту   мүмкін емес.Тариф мәселесінде біз барлық жақтың да мүдделерін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек", – деді Премьер-Министр.

Оның сөзінше станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді, сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салынбаған.

"Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылды. Ал, энергия  объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті", – деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу