Биыл көпбалалы отбасылар 101,1 млрд теңгеге жәрдемақы алды

545

Көпбалалы отбасыларға тағайындалған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты. 

Биыл көпбалалы отбасылар 101,1 млрд теңгеге жәрдемақы алды Фото: Aikyn.kz

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 538,3 мың отбасы жалпы сомасы 101,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде наурыз айында 544,3 мың отбасына 34,3 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

  •  4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  •  5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  •  6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  •  7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  •  8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу