Биыл көпбалалы отбасылар 116,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

901

Биыл қаңтардан мамырға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 443,2 мың отбасы қамтылды. Оларға жалпы сомасы 116,9 млрд теңге берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл көпбалалы отбасылар 116,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

Мамырда жәрдемақының бұл түрін 445,7 мың отбасы алған, жалпы сомасы 24,1 млрд теңге берілген.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар алады.

Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты сараланған: 4 балаға – 46 760 теңге, 5 балаға – 58 457 теңге, 6 балаға – 70 154 теңге, 7 балаға – 81 852 теңге, 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 теңге 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу