Биыл көпбалалы отбасылар 348 млрд теңге жәрдемақы алды

127

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі.

Биыл көпбалалы отбасылар 348 млрд теңге жәрдемақы алды Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 576,4 мың отбасы жалпы сомасы 348,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қыркүйек айында 525,9 мың отбасына 35,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әрбір балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған", - деп қорытындылады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу