Осы жылы Қостанай қаласына жол жөндеуге 6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 39 көше жөнделмек, деп хабарлайды kostanaytany.kz.
Былтыр 5,5 млрд теңге бөлініп, Қостанайдағы 48 көше жөндеуден өткен еді. Қала әкімі мәлім етендей, Майлин көшесіндегі жұмыстар толығымен аяқталды, ал Лермонтов, Набережный және Карбышев көшелерін қалыпқа келтіру осы жылы жалғасады. Ұзын саны 39 көше жаңғыртылмақ.
Мұның сыртында, 102 мың шаршы метрлік жол төсемі жөнге келтіріледі және аулалар іші де назардан тыс қалмайды. Бұған 430 млн теңге қарастырылып отыр.
Қала әкімі атап өткендей, бүгіндері транспорт инфрақұрылымына қатысты барлық конкурстар жарияланған, өтінімдер қабылдау жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу