Биыл Қостанай облысында 40 млн-нан аса ағаш егіледі

526

Қостанайда 2 млрд. ағашқа цифрлық мониторингті қамтамасыз ету мақсатында OrmanMap қосымшасы құрылды.

Биыл Қостанай облысында 40 млн-нан аса ағаш егіледі Фото: gov.kz

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жергілікті жұртшылықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Облыста ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 2022 жылы 83,3 мың тоннаны құрады, бұл алдыңғы кезеңнен 10% - ға төмен. 

Қостанай облысының экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі Кешенді жол картасында 29 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде 10-ы орындалды.

2022 жылдың кезеңінде Қамысты ауданы Алтынсарин ауылында газ тарту желілерінің құрылысы, Тобыл өзенінің арнасын тазарту, қалдық қоймасы бөгетінің беткейлерін техникалық рекультивациялау жұмыстары аяқталды.

"Қостанай облысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 18,2% құрады, бұл 2021 жылдың деңгейінен 0,5%-ға (17,7%) жоғары, бірақ орташа республикалық деңгейден (24%) төмен.

Космомониторинг аясында биыл өңірде 358 полигон анықталды, оның тек 94% (336 полигон) жойылды", делінген хабарламада.

"Орман шаруашылығы саласында Президенттің бастамасы бойынша 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша өткен жылы Қостанай облысында 2 724,4 га алаңға 16,4 млн. ағаш отырғызылды. Биыл 7 023,5 га алаңға 40,4 млн. отырғызылады деп жоспарланған", делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, 2,0 млрд. ағашқа цифрлық мониторингті қамтамасыз ету мақсатында интерактивті карта және OrmanMap қосымшасы құрылды.

"Тағы бір маңызды мәселе ол – тазарту қондырғыларының жағдайы. Бүгінде Лисаков, Рудный, Жітіқара, Арқалық қалаларында кәріз-тазарту құрылыстары тозған және күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап етеді. Ал Қостанай қаласы, еліміздегі биологиялық тазарту станциясы жоқ жалғыз облыс орталығы", делінген министрлік ақпаратында.

Анықтама: Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай-Су" МКК кәріз тазарту құрылыстары кезектесіп жұмыс істейтін бөгеттермен қоршалған үш параллель картадан тұратын жер тұндырғыштары түрінде ұсынылған. Пайдалану мерзімі 1966 жылдан басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу