Биыл Қостанай облысында 7 спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады

525

Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов хабарлады. 

Биыл Қостанай облысында 7 спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады Фото: aikyn.kz

Қостанай қаласында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2022 жылғы қорытындылары және алдағы жылға арналған жоспарлар талқыланған отырыс өтті, деп жазады inbusiness.kz.

"Спорт әр тұрғынға қолжетімді болуы тиіс. Жыл сайын осы салаға қомақты қаражат бөлініп, басым міндеттер қойылады. Оның ішінде кәсіби спорт клубтарға өз кадрларын тартып, жастар тәрбиесіне мән беру, қолданыстағы спорттық инфрақұрылымды ұтымды пайдалану, спорттық медицина және фармакологияны дамыту және бұқаралық спортты дамыту бар. Бұл мақсатта биыл облыс бойынша 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын бастаймыз", - деді облыс әкімі.

Құмар Ақсақаловтың сөзінше, жақын арада әр аудан орталығында өткелі бар жабық хоккей корты бой көтереді.

"Бұл сала бюджеттен қаржыландырылады, сол себепті де спорт функционерлері мен федерация басшылары олардан нәтиже сұралатынын түсінуі тиіс. Бұл жастардың жоғары марапаттарға ие болуымен, қоғамды бұқаралық спортқа тартумен өлшенеді", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу