Биыл "ҚТЖ" желісінде 60 миллион тонна жүк тиелген

1048

Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жүк айналымы 54 млрд тонна-километр, яғни жоспардағыдан 2,8 млн тонна-километрге артық болды. 

Биыл "ҚТЖ" желісінде 60 миллион тонна жүк тиелген

2019 жылдың наурызында эксплуатациялық жүк айналымы 18,6 млрд тонна-километрді құраса, бұл жоспардағыдан 1 млн тонна-километрге көп, деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде наурыздағы тиеу 20,5 млн тоннаны құрады. Таскөмірдің 8,4 млн тоннасы (ішкі – 5,9 млн тонна) тиелсе, ал астық – 956 мың тонна.

Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жүк айналымы 54 млрд тонна-километр, яғни жоспардағыдан 2,8 млн тонна-километрге артық болды. Тиеу 60 млн тоннаны құрады.

Таскөмірді тиеу 26,6 млн тоннаға (еліміз ішінде – 18,7 млн тонна) жетсе, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 7% көп.

Биылғы жылдың басында өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштері жақсырды. Осылайша, локомотивтің өнімділігі – 3,3%, жұмыс вагонының айналымы – 2% және вагон өнімділігі 4,2 % өсіп отыр. Учаскелік жылдамдық 44,5 км/сағ құраса, бұл жоспардағыдан 1,6% жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу