Барлық бейнебақылау камералары полицияның кезекші бөліміне байланыстырылған. Сондай-ақ, 4 мектеп пен 2 балабақша да тәртіп сақшыларының бақылауында, деп жазады inbusiness.kz.
Соның нәтижесінде соңғы жылдары тіркелген қылмыстардың төмендеуі байқалады. Нақтылап айтқанда 2021 жылы 47-ден 45-ке дейін 2,8%-ға, ал 2022 жылы 29,3%-ға, 41-ден 29-ға дейін төмендеген болатын.
Қоғамдық тәртіптің жай-күйін бақылауды көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған бейнебақылау жүйесі арқылы жүзеге асыру қылмыс пен құқық бұзушылықтың азаюына әсер етеді.
Одан бөлек халықты тәртіпке келтіреді және қылмыстық құқық бұзушылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде дәлелді база ретінде қызмет етеді.
Биыл "қараңғы жерлерді" жабу үшін тағы 30 бейнекамера орнату жоспарланып отыр.