Биыл (қаңтар-тамыз) құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3 034,8 млрд теңге болды. Бұл туралы статистика бюросынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Көрсеткіш былтырғы жылдың балама уақытымен салыстырғанда 7,5% көп.
Жұмыстардың 82,6% жеке құрылыс компаниялары, 17,2% шетелдік және 0,2% мемлекеттік ұйымдар орындаған.
Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы еліміздің 16 өңірінде байқалды. Ең жоғары өсім:
Алматы обл. – 29,1%
Ұлытау обл. – 25%
Ақмола обл. – 13,6%
Шымкент қ. – 18,5%
Алматы қ. – 14,9%
Жұмыс көлемінің азаюы:
Маңғыстау обл. – 18,1%
Абай обл. – 17,6%
Жетісу обл. – 6,9%
Қызылорда обл. – 1,1%
2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 10 197,9 мың м2.
Бұл ретте, 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 1,2%-ға азайып, 8 839,4 мың м2 құрады. Олардың:
4 733,4 мың м2 – көп пәтерлі үйлер
4 059 мың м2 – жеке үйлер
Дегенмен, пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының ұлғаюы Түркістан (33,7%), Алматы (21%), Павлодар (13,8%) облыстарында және Шымкент (23%) қаласында байқалды.