Биыл құс еті 11 пайызға қымбаттаған

454

2023 жылы құс еті өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға көп өндірілген.

Биыл құс еті 11 пайызға қымбаттаған Фото: 1news.az

Жыл басынан бері елімізде 70,7 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,1% артық. Сондай-ақ, 63,2 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы мерзімнен 1,8% аз, деп хабарлайды Inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа сойылған құс етін өндіруден көшбасшылар: 

Ақмола облысы – 27,7 мың тонна (бір жылда 30,2% өскен);

Шығыс Қазақстан облысы;

Алматы облысы. 

Мұздатылған құс етін өндіруден көшбасшылар:

Алматы облысы – 27,2 мың тонна;

Ақмола облысы;

Абай облысы. 

Жалпы 2022 жылы елімізде 121,2 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті (бір жылда 7,8% өскен) және 120,8 мың тонна мұздатылған құс еті (4,9% азайған) өндірілді.

Биыл қаңтар-мамырдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар құс еті және тағамдық субөнімдерге сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 73,5% қамтамасыз етті, бір жыл бұрын көрсеткіш 72,2% болған.

Импорттың үлесі – 26,5%. Қазақстан 49,1 мың тонна құс еті мен тағамдық субөнімдер импорттаған – былтырғымен салыстырғанда 5,7% артық. Бұл ретте экспортқа 14,1 мың тонна жөнелтілді, 2,8 есе өскен.

Ішкі нарықта құс еті мен тағамдық субөнімдерді сату 5,9% өсіп, 171,5 мың тоннаны құрады.

Құс еті ең қымбат өңірлер:

Павлодар облысы – 23,6%;

Батыс Қазақстан облысы – 23,3% өсті;

Қостанай облысы – 19,6% . 

Сондай-ақ, ең арзан өңірлер:

Маңғыстау облысы – 0,6% қымбаттады;

Ақтөбе облысы – 2,8% арзандады;

Түркістан облысында – 2,8% арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу