Жыл басынан бері елімізде құс етінің өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 6,3% өсті. Қаңтар мен мамыр аралығында 100 мың тоннаға жуық өнім өндірілді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Қазақстанда құс етін 24 құс фабрикасы шығарады. Күн сайын олар 800 тоннаға дейін өнім өндіреді (Ақмола облысында – 200 тоннадан астам, Алматыда – 350-ге жуық, Ақтөбе мен Атырауда – 7 тоннаға, Шығыс Қазақстан облысында – 130, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында – 20-дан астам, Қостанай және Павлодар – 14, СҚО – 6, ОҚО – 45 тоннаға жуық).
Жыл соңына дейін барлық шаруашылықтар 300 мың тоннаға жуық ет өндіреді деп жоспарланып отыр.
Айта кету керек, 2019 жылы республикада 223 мың тонна құс еті өндірілген, ал 2018 жылы – 192 мың тонна. Өндірістің тұрақты өсуіне байланысты құс етінің импорты 4% -ға азайды. 2018 жылы 49% болса, 2019 жылы 45% -ға түсті.
Бүгінде Қазақстанда 5 құс фабрикасының құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, Алматыдағы (OTAN Green Food ЖШС), Атыраудағы ("Meken Chicken" ЖШС) және Қостанай ("Комсомольская птицефабрика" ЖШС) құс фабрикаларын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.