Биыл күзде қазақстандықтар қанша күн демалады

177

Қыркүйекте кей қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн қатарынан демалады.

Биыл күзде қазақстандықтар қанша күн демалады Фото: news Maker

30 тамыз сенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс дүйсенбі, яғни 1 қыркүйекке ауысады. Осылайша, олар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін отандастарымыз тек 30 және 31 тамыз күні демалып, 1 қыркүйекте жұмысқа шығуы тиіс.

Қыркүйек

Күздің бірінші айында Конституция күнінің 1 қыркүйекке ауысуына орай бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар жалпы 9 күн демалады. 

Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін ешқандай қосымша демалыс күні жоқ. Тек жексенбі күндері демалады.

7 қыркүйек (жексенбі);
14 қыркүйек (жексенбі);
21 қыркүйек (жексенбі);
28 қыркүйек (жексенбі).

Қазан

25 қазан елімізде дәстүрлі түрде Республика күні аталып өтеді. Мереке демылс күніне түсіп тұрғандықтан мерекелер туралы заңға сәйкес, демалыс дүйсенбі күнге ауысады. Яғни, бес күн жұмыс іздейтін отандастарымыз 25, 26, 27 қазан күндері қатарынан үш күн демалады. Демек, күздің екінші айында бес күн жұміс істейтіндер жалпы 9 күн демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін 2025 жылғы 25 қазан, яғни сенбі мерекелік демалыс күні болып жарияланды, 26 қазан (жексенбі) – қалыпты демалыс, ал 27 қазан (дүйсенбі) – жұмыс күні болып қалады. Осылайша, алты күн жұмыс істейтіндерді екі күндік демалыс күтіп тұр – 25 және 26 қазан. Олар жалпы 8 күн демалады.

Қараша

Қарашада 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар сенбі жексенбі күндері демалады, яғни 10 күн. Бұл айда мереке күндері жоқ. Сәйкесінше, қосымша демалыс күндері болмайды.

Ал алты күн жұмыс істейтін отандастарымыз тек жексенбі күндері, жалпы 5 күн демалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу