Биыл қызметтік иттердің көмегімен 17 келіге жуық есірткі тәркіленген

191

Жыл басынан бері Агенттік иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 фактісін анықтады. 

Биыл қызметтік иттердің көмегімен 17 келіге жуық есірткі тәркіленген Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Экономикалық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандаға қарсы күрес және заң мен тәртіпті сақтау Агенттіктің басым міндеттері болып қала береді. Бұл жағдайда иісшіл иттер де өз көмегін көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері Агенттік иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 фактісін анықтады.

Табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:

марихуана/каннабис – 5,2 кг. (20 факт);
гашиш/гашиш майы – 11,5 кг. (11 факт);
көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері.

Сонымен қатар, осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды.

Анықталған валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуроны құрады. Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген.

Еске сала кетейік, 2023 жылы кинологиялық орталық мамандары есірткі транзитінің 29 фактісін және валютаны заңсыз шығару әрекетінің 18 фактісін анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу