Биыл "Қызылорда – Жалағаш" жолы жөнделеді

1020

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 33 жоба іске асырылады. 

Биыл "Қызылорда – Жалағаш" жолы жөнделеді

Биыл облыста ұзындығы 339 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөнделетін болады. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 19 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар арқылы да 10 362,0 млн теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 33 жоба іске асырылады. Яғни биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделіп, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Қызылорда –Жалағаш" жолы жөндеуден өтеді. Елдімекендердің кіреберіс жолдарын дамыту және аудан орталықтарымен байланыстыру мақсатында Арал ауданының Жаңақұрылыс, Бекбауыл ауылдарына баратын жолдарды салу үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады",– деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Мұрат Тлеумбетовтың сөзінше, сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы бес апаттық жағдайдағы көпір жөнделмек. Бұған қоса, Қазалы ауданы, Қарлан учаскесіне Сырдария өзені арқылы көпір салынады. Бүгінде жоба-сметалық құжаттары әзірленген, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Тиісті құжаттар дайын болғанда құрылыс жұмыстары басталмақ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу