Биыл "Қызылорда-Жезқазған" жолы жөнделе бастайды – министр

994

3,5 жылда жол толық жөнделеді.

Биыл "Қызылорда-Жезқазған" жолы жөнделе бастайды – министр

2021 жылы 427 шақырым болатын "Қызылорда-Жезқазған" жолын жөндеуді бастаймыз. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "Қызылорда-Жезқазған" жолын жөндеу бойынша құжат дайын. 

"Оның ұзындығы – 427 шақырым. Үйлестіру кеңесінен өттік, жобаны қаржыландыру бойынша қаржы инстутутымен ақылдастық", - деді ведомство басшысы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бейбіт Атамқұлов биыл аталған жол жөнделе бастайтынын атап өтті.

"Осы жылы жұмысты бастаймыз. 3,5 жылда "Қызылорда-Жезқазған" жолын жөндеп бітіреміз. Бұл Орталық Қазақстан, Жезқазғанға әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді, сауда-саттықтың дамуына серпін береді. Азық-түліктерді оңтүстіктен солтүстікке жеткізу арзандайды", - деп түйіндеді сөзін министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу