Биыл Қызылордада 5 мыңнан аса қылмыс тіркеліпті

3690

Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 14,9 процентке төмендеді. Дегенмен, ауыр қылмыстар 7,3%-ке өскен.

Биыл Қызылордада 5 мыңнан аса қылмыс тіркеліпті

ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқарма басшысының орынбасары Сәкен Ыдырыстың айтуынша, қылмыстың дені Қызылорда қаласының еншісінде.

"Қылмыстың 62,5%-і Қызылорда қаласында тіркелген. Екінші орында Байқоңыр – 6,7%, үшінші орында Жаңақорған ауданы – 4,9%. Облыс бойынша қылмыс Қармақшы ауданында аз жасалған. Жалпы қылмыстың 64,7% немесе әр екінші қылмыс – ұрлық", – дейді басқарма басшысының орынбасары.

Бүгінгі қоғамның өзекті проблемасының бірі жол-көлік оқиғасы көбеймесе азаймай тұр. Биыл 402 жол көлік оқиғасы тіркелген. Былтырғыға қарағанда 64,9 %-ке артқан. Зардап шеккен адамдар саны – 547 адам. Оның 464-і жарақат алса, 83-і қайтыс болған.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу