Биыл Қызылордада "Қорқыт ата" әуежайының құрылысы басталады

967

"Қорқыт Ата" әуежайын жаңарту, қайта салу мәселесі көптен қызылордалықтардың көкейінде жүрген сұрақ болатын.  

Биыл Қызылордада "Қорқыт ата" әуежайының құрылысы басталады

Бұл туралы бүгін Кызылорда облысының әкімі  Қ.Ысқақов облыстық Қоғамдык кеңес алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып, былтыр жекеше әріптесті анықтау бойынша өткізілген конкурстың бірінші кезеңі бойынша "BI Civil Construction" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Нұр-Сұлтан қ.) біліктілік іріктеуден өтті. 2019 жылдың 22 қарашасында "BI Civil Construction" серіктестігі өз қаржысы есебінен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар басталып кетті. 2020 жылдың мамыр айында терминалдың құрылысы басталады деп күтілуде.

"Қазіргі таңда, "Қорқыт Ата" әуежайы" акционерлік қоғамы мен "FlyArystan" (Флай Арыстан) әуекомпаниясының арасында келісім-шарт жасалып, наурыз айының ортасынан бірнеше бағытта жолаушыларды арзан бағамен тасымалдау ұйымдастырылады. Сондай-ақ, биыл 29 наурыздан бастап "Аэрофлот" компаниясы (Ресей) халықаралық "Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу" бағыты бойынша аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі) жиілігімен ұшатын болады", – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.           

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу