Адамдар өз қауіпсіздігін ескермей, жүйткіп келе жатқан локомотивтің жолын кесіп өтуді доғарар емес. Мысалы биылғы бірінші тоқсанда пойыз бригадалары осы тектес жағдайларға байланысты 600 рет тежегішті қосуға мәжбүр болыпты, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Нәтижесінде 10 адам пойыз астына түскен. Оларды бірі теміржолдың белгіленбеген орындарынан өтпек болғанда жарақат алса, ендігісі масаң жағдайда болған.
Сондай-ақ биылғы үш айда үй жануарларын жылжымалы құрамдардың басып кетуіне қатысты 56 жағдай орын алыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу