Биыл мәдениет, демалыс салаларына 240 млрд теңге инвестиция салынды

713

Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есе жоғары. 

Биыл мәдениет, демалыс салаларына 240 млрд теңге инвестиция салынды

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында мәдениет, ойын сауық, демалыс салаларының негізгі капиталына салынған қаржы көлемі рекордтық 
240,1 млрд теңге көрсеткішіне жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңінен 2 есе жоғары, деп хабарлады finprom.kz. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша аталған салаға тартылған инвестиция көлемі 153,7 млрд теңге болған еді. 

Қаржының 90%-ы жеке қаражат және жергілікті бюджет есебінен бөлінген. Яғни, 164,7 млрд теңге (өткен жылдан 3 есе жоғары) мен 52,5 млрд теңге (+19,2%).

Ал республикалық бюджет есебінен салынған инвестиция 5,4 есе өсіп, 17,3 млрд теңгеге жетті.

Өңірлер бойынша ең жоғары 93,2 млрд теңге көрсеткіші - Түркістан облысында тіркелген. Бұл сома өткен жылдан 17,4 есе жоғары. Одан кейінгі орында елорда  (54,5 млрд теңге) мен Алматы облысы  (22,3 млрд теңге) тұр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу