Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

1074

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр.

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен вице-министр университет студенттері биыл жазда өндірістік тәжірибеден өтетінін атап өтті.

"Студенттер қазірдің өзінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Ол жұмыс графикке сәйкес жүргізіледі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Шолпан Каринова биыл магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді.

"Қазіргі таңда студенттерге шетелге шығуға шектеу қойылған. Алайда әлемдегі және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, бұл мәселе шешімін табады", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу