Биыл Маңғыстау облысына 256 миллиард теңге инвестиция тартылды

845

Облыстың инвестициялық жобалар портфеліне құны 1,4 трлн теңге болатын 6 жоба енгізілді. 

Биыл Маңғыстау облысына  256 миллиард теңге инвестиция тартылды

 

 Маңғыстау облысында жалпы өнім (ЖӨӨ) - 1-жартыжылдықтың қорытындысымен оның көлемі 659 млрд теңгені құрады немесе өсім - 101,2%. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда есепті кезеңде 1,4 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, оның нақты көлем индексі 101,2%-ті құрады. Ең басты міндет өңдеу секторын дамыту. Аталған сектордың жалпы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі соңғы 3 жылда 5%-тен 9%-ке дейін өсті. Есепті кезеңде өндіру көлемі 12%-ке артып, 119 млрд теңгеге жеткен.

Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс 20-сессиясында өңір әкімі Ералы Тоғжанов 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы айтты.

Әкімнің айтуынша, индустрияландыру картасы аясында облыста инвестициялар көлемі 395 млрд теңге болатын 45 жоба іске асырылған. 4 мыңнан аса жұмыс орны құрылды.

Биыл инвестициялық құны 19 млрд теңге болатын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Биылғы жылдың 6 айында өңір экономикасына 6% өсіммен 256 млрд теңге инвестиция тартылды.

"Маңғыстау облысы 37 елмен экспортты-импорттық операция жүргізеді. Жыл басынан бері әлеуетті инвесторларымен келіссөздер орнатып, 6 меморандумға қол қойылды", - деді облыс әкімі.

Облыстың инвестициялық жобалар портфеліне құны 1,4 трлн теңге болатын 6 жоба енгізілді. 

"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында жыл басынан бері 860 млн теңге болатын 40 жоба мақұлданды (01.07.2017ж - 24 жоба). Жаңа кәсібін ашатын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өңірлік "Нұр капитал" бағдарламасы сәтті іске асырылып келеді. Бүгінгі таңда 2 млрд теңгеге 110 жоба қолдау тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу