Биыл Маңғыстау облысында 16 мыңнан аса нәресте өмірге келді

1045

Биыл Маңғыстау облысында 16 мыңнан аса нәресте өмірге келді

Маңғыстау облысында жыл басынан бері аймақта 16083 нәресте өмірге келді. Олардың 156-сы егіз, 5-еуі үшем, деп хабарлайды zakon.kz.
2017 жылғы 10 айдағы нәресте өлімінің көрсеткіші аман туылған 1000 балаға шаққанда 7,8 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өңірде сәби өлімі 21,8%-ға азайды. Ана өлімі туылған 100 мың сәбиге шаққанда 13,8 болды, жалпы көрсеткіш 11,2 құрады.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы Клара Оралбаеваның айтуынша, "Аймақта мамандармен қамту мәселесі жолға қойылып келеді. Өткен жылы облыста 358 маман жетіспейтін болса, биылғы жылы өңірге 161 маманның келуінің нәтижесінде маман тапшылығы 197-ге дейін азайған. Оның ішінде аймаққа еңбек етуге 11 педиатр, 18 акушер-гинеколог, 5 анестезиолог-реаниматолог келді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу