Биыл Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады

718

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 15,1 млрд теңгеге 19 жоба жүзеге асырылмақ.  

Биыл Маңғыстау  облысында 9500 тұрғын үй салынады

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау  облысында 9500 тұрғын үй салынады, деп Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Маңғыстау облысында биыл қаржыландырудың барлық көзі есебінен 1 071 мың шаршы метр немесе 9500 тұрғын үй салу міндеті тұр", деп жазылған хабарламада.

Биылғы жылдың І тоқсанында салаға 22,4 млрд теңге инвестиция бағытталған. Бұл -  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға жоғары. Осы кезеңде  жалпы ауданы 349,4 мың шаршы метр болатын 2422 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде, 1594 жеке үй бар.

Жалпы биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 15,1 млрд теңгеге 19 жоба іске асырылып, 973 адам жұмыспен қамтылмақ. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу