Биыл Маңғыстауда 31 мыңнан аса жұмыс орны құрылған

644

Биыл Маңғыстауда 31 мыңнан аса жұмыс орны құрылған

"Нұр капитал" өңірлік бағдарламасының нәтижиесінде Маңғыстау облысында 10 шағын кәсіпорын құрылып, 316 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Биыл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсіммен 1,8 млрд теңге микрокредит бөлінді. Нақтысы 310 адамға 1,6 млрд теңгеге микрокредит берілді. Сонымен қатар, басқаларда баламасы жоқ, 1%-бен несие берілетін "Нұр капитал" өңірлік бағдарламасының іске асырылуда. Құны 3,4 млрд теңге болатын 200-ге жуық бизнес өтінімдер екінші деңгейлі банктерде қаралуда. 30 кәсіпкерге 641 млн теңге сомасына несие берілді. Нәтижесінде аудан мен ауылда жаңа 10 шағын кәсіпорын құрылып, 316 жаңа жұмыс орны ашылады", - деп мәлімдеді облыс әкімі Ералы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде.

Өңірде мемлекет тарапынан көрсетілген осындай қолдаулар нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 46 мыңнан 51 мыңға дейін артқан (2017 жыл 10 ай - 46 мың бірлік немесе өсім - 8,4%, 2017 жыл - 47 мың бірлік немесе өсім – 6,4%).

Сонымен қатар, өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 118,6% өсіммен 31 070 жұмыс орны құрылды. Ал жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға, жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1%-ға дейін азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу