Биыл Маңғыстауда балық өсіретін екі кәсіпорын ашылады

943

Маңғыстауда балық шаруашылығының әлеуеті 380000 тоннаны құрайды. Жыл соңына дейін қуаттылығы жоғары балық өндіретін 2 кәсіпорын ашылады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев мәлім етті.

Биыл Маңғыстауда балық өсіретін екі кәсіпорын ашылады

"Қаракөл аумағында қуаттылығы жылына 30 тоннаны құрайтын тоғанды балық шаруашылығын жеке кәсіпкер "Бөлекбаев" қолға алды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда. Шаруашылықта 9 балық өсіретін қазандық бар. 12 адам жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Ал екіншісі – "Beluga Queen" ЖШС. Аталған мекеме "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында. Құны 20 млрд теңгені құрайтын бекіре балығын өндіру бойынша ауқымды кешен салуды жоспарлап отыр. Жылына 50 тонна уылдырық беретін кәсіпорынның қуаттылығы 400 тоннаны құрайды. 100 адамды жұмыспен қамту көзделген", – деді Есенқос Әділбаев.

Баспасөз конференциясына Маңғыстау облыстық инспекциясы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Адизал Шихметов қатысты. Спикер каспий теңізінде анықталған браконьерлік фактілерге тоқталды.

"2020 жылдың 5 айында басқарма қызметкерлері 90 рейдтік іс-шара өткізді. Тексеріс барысында 24 заң бұзушылық анықтады. Оның ішінде 155 кг бекіре тұқымдас балық, 1 аулау құралы, 3 жүзу қайығы мен көлік құралы тәркіленді. 1 қылмыстық іс қозғалып, жауапты органға тіркелді. Заңсыз балық аулап, ережені бұзғандарға 393 795 теңге әкімшілік айыппұл салынды",– деді Адизал Шихметов.

Мамандардың айтуынша балық шаруашылығын дамыту бойынша алдағы 10 жылда барлығы 60 млрд теңге инвестиция тарту мақсаты тұр. Нәтижесінде 100 мың тонна балық өсіру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу