Биыл Маңғыстауға 9 мыңнан аса турист келген

671

Маңғыстау облысы еліміз бойынша ең танымал туристік бағыттардың төрттігіне енді.

Биыл Маңғыстауға 9 мыңнан аса турист келген

Өңірге жыл басынан бері 9 384 турист келген. Туристік ағынның негізгі үлесі, яғни 67% Ресейден, 16% Өзбекстаннан, 6% Түркиядан, 4% Қытайдан және 7% басқа елдерден келген туристер.

Саяхатшылардың көп сұранысқа ие жерлері Каспий теңізі жағалауы, Бекет ата жер асты мешіті, Бозжыра шатқалы және көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер шоғырланған жерлер.

Елімізге барлығы 195 мыңнан астам шетелдік турист келген. Ең көп қызығушылық туғызған шаһарлар Алматы (73 мың турист), Нұр-Сұлтан (45 мың турист) және Қызылорда облысына 10 мыңдай саяхатшы келгені белгілі.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу