Биыл мемлекет есебінен 16 мың пәтер салынады

312

22 мың пәтер жалға берілетін болады.  

Биыл мемлекет есебінен 16 мың пәтер салынады Фото: politeka.net

2024 жылы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шараларын енгізе отырып, жалпы 18 млн шаршы метр немесе 170 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекеттік қолдау арқылы осы жылы Қазақстан тұрғын үй компаниясының әкімдіктерге облигациялық несие беру есебінен кредиттік тұрғын үйдің 16 мың пәтерін салу, республикалық бюджет есебінен 22 мың пәтер жалға берілетін тұрғын үйді және сатып алу құқығымен мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жоспарлануда", – деді "Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері" комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков. 

Ад былтырғы жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Республика бойынша 17,5 млн шаршы метр немесе 157 мың жаңа тұрғын үй салынды.

Өткен жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен 21 мың пәтер салынып, 7 мың несие берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу