Биыл мемлекеттік адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 12 шағым түскен

499

Нәтижесінде 3 қорғаушы адвокаттар алқасынан шығарылды, тағы үшеуіне ескерту, сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылды, деп жазады inbusiness.kz Әділет министрлігіне сілтеме жасап.  

Биыл мемлекеттік адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 12 шағым түскен Фото: inform.kz

Сондай-ақ конституциялық сотқа жүгінудің тәртібі мен шарттары белгілі болды. Оның ішінде әрбір өтінішке тіркелген сәттен бастап үш ай уақыт беріледі. Бірақ ол үшін құқық бұзылғаны туралы дәлелдері бар барлық қажетті құжаттар ұсынуы тиіс. Деректерді тексергеннен кейін істі алдын ала қарау тағайындалады.

"Өздеріңіз білетіндей, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Конституциялық сот жұмыс істей бастайды. Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Конституциялық Сот туралы Конституциялық заң қабылданды, оған сәйкес конституциялық іс жүргізуде адвокаттар мен заң консультанттары азаматтардың өтініштерін қарау кезінде өкіл бола алады", - деп мәлімдеді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу