"Биыл мемлекеттік аппаратты 10%-ға қысқарту керек"

802

2021 жылға дейін шенеуніктер саны 25%-ға азаяды. 

"Биыл мемлекеттік аппаратты 10%-ға қысқарту керек"

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қ Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлімдеді. 

"Пандемия мен көптеген қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру мемлекеттік аппаратты қысқарту болатынын және қысқарту керектігін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квази мемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқартуды жеделдетуді тапсырамын. Биыл мемлекеттік аппаратты 10%-ға, келесі жылы тағы 15%-ға қысқарту керек. Осылайша шенеуніктерді 25%-ға қысқарту мәселесін 2021 жылы шешеміз", – деді Президент. 

Еске сала кетсек, 2019 жылы 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.

 Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу