Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,7 мың еңбек адамының құқығын қорғады

Оларға 2,3 млрд теңге төленді.

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,7 мың еңбек адамының құқығын қорғады Фото: Elorda.info

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 481 кәсіпорында 15,3 мың жұмыскердің алдында 2,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 78,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

"Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,3 млрд теңге төленді", – деп хабарлады министрлік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу