Ақпарат және коммуникация министрлігі мемлекеттік қызмет көрсетудің 80%-ын автоаматтандыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
"2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің 80%-ы, ал 2020 жылы - 90%-ы автоматтандырылатын болады. Қағаз түрінде ұсынылатын құжат саны 110 млн құжатқа қысқарды", – деді министр үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету тізімінде 741 қызмет түрі бар. Оның 454-і немесе 61%-ын электронды түрде алуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу