Биыл мемлекеттің 295 нысаны сатуға шығарылуы тиіс болатын - Жамаубаев

Бірақ 32 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.  

Биыл мемлекеттің 295 нысаны сатуға шығарылуы тиіс болатын - Жамаубаев Фото: qazaqstan.tv

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев  айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Биылғы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың ішінен сомасы 86,1 млрд теңге болатын 36 объекті бәсекелес ортаға берілді. 32-сі қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді, 146 объекті сауда-саттықта тұр", – деді спикер.

Кешенді жоспар объектілерінің 80%-іне жуығын сауда-саттыққа шығаруды қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін тағы 81 объектіні сатуға шығару қажет болады.

"Биылғы қыркүйекте және қарашада мен бұл мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, қажетті іс-шараларды жеделдету бойынша тиісті тапсырмалар берген болатынмын. Олардың нәтижелері бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына жаңадан енгізілген 13 объекті бойынша жол карталары енгізілді, сондай-ақ, коммуналдық меншіктегі және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 24 объектісі бойынша жол карталары өзектендірілді. Бұған дейін бұл объектілерді сатуға шығару мерзімдері айқындалмаған болатын", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу