Биыл мүгедектігі бар азаматтар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 230 мың қызмет алды

1218

Жүйеге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 863 медициналық-әлеуметтік мекеме тіркелген.

Биыл мүгедектігі бар азаматтар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 230 мың қызмет алды

Биылғы жылдан басынан бастап 158 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту техникалық құралдарын, 6 мыңнан астам ымдау тілі қызметтерін, 31 мыңнан астам жеке көмекшінің қызметтерін, 40 мыңға жуығы санаторлық-курорттық ем алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар 131 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыс ресімдеді.

"Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалту бойынша техникалық құралдар мен қызметтер өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмекке тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген техникалық құралдарды жеткізу немесе өз бетінше алып кетуге болады. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды", – деп хабарлады министрлік. 

Бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 863 медициналық-әлеуметтік мекеме, 142 оңалту техникалық құралдарын жеткізуші, жеке көмекші қызметтерін ұсынатын 13 мыңнан астам ұйым, ымдау тілі қызметтерін ұсынатын 250 жеткізуші, санаторлық-курорттық емдеу ұсынатын 66 мекеме, кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынатын 135 ұйым тіркелген.

"2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Электрондық үкімет порталында (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі іске қосылды. Осы кезеңде Электрондық үкімет порталы арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша 190,7 мыңнан астам құжат ресімделді", – деп хабарлады министрлік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу