Биыл мұнай жоспардан 5 млн тоннаға кем өндірілді

632

Сәйкесінше мұнай өңдеу де төмендеді.

Биыл мұнай жоспардан 5 млн тоннаға кем өндірілді

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мұнай өндірісін кемітудің басты себебі ретінде әлемде мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың азайып кеткенін алға тартты.

"Өткен он айдың қорытынды туралы айтар болсам, біз биыл індеттің кесірінен 2020 жылға жопарланған 90 млн тонна мұнай өндіруді 85 миллион тоннаға дейін төмендеттік. Себебі әлемде экономикалық белсендік төмендеп, мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныс азайып кетті. Сәйкесінше мұнай өңдеу де 17 миллионнан 16 миллион тоннаға төмендеді. Бұл шаралар мұнай зауыттары мен кен орындарындағы резервуарлардың толып кетпеуіне және кен өндірісінің тоқтап қалмауына үлкен септігін тигізді", – деп түсіндірді министр. 

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, дизель отыны мен авиакеросин өндірісі де жоспарлы түрде қысқарған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу