Биыл мұнайдың орташа бағасы қандай болады

848

Сарапшылар болжам жасады.

Биыл мұнайдың орташа бағасы қандай болады

Биыл мұнай бағасы 60 доллардан төмен түспеуі мүмкін, дегенмен орташа баға былтырғыдан анағұрлым төмен болады. Сарапшылар биылға осындай болжам келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

2018 жылы мұнай бағасының тарихтағы ең құбылмалы қуаты болғаны анық. Жыл басын 65-70 доллардың айналасында бастаған қара алтын құны күзге қарай 80 долларға дейін жақындап, желтоқсанның басында 53 долларға дейін түсіп кетіп, жылды 60 доллармен жапқан. Осылайша, жылдың орташа бағасы шамамен 72-73 доллар айналасында болды.

Биыл баға 60 доллардан төмен түспеуі мүмкін дегенімен, орташа баға былтырғыдан анағұрлым төмен болатыны анық. Нарықтың екі айдан бергі салыстырмалы түрде тұрақтылығы сала мамандарының болжам жасауына мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, АҚШ энергетика агенттігі 2019 жылдың орташа бағасын 63 доллар деп болжаса, Дүниежүзілік банк биылғы бағаның 67 доллар болатынын хабарлайды. АҚШ энергетика агенттігі бірнеше институттардың ішіндегі ең пессимистік жорамал болса, Дүниежүзілік банктің болжамы ең жоғары көрсеткіш. Яғни биыл баға 63-67 доллар дәлізінің ішінде болуға тиіс. Бұлардан бөлек Goldman Sachs секілді инвестициялық банктер де өз жорамалын жариялап отыр. Аталған банк орташа бағаның 65 доллар болатынын айтады.

Жалпы, 2019 жыл мұнай нарығында соңғы бірнеше жылдың ішінде ең жайлы және тұрақтысы болғалы тұр. Екі айдан бергі бағаның айтарлықтай ауытқымауы мен нарық қатысушыларының ұзақмерзімді жоспары және геосаяси ахуалдың бір соқпаққа түсуі қара алтын құнын қалыпты жағдайда ұстап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу