Биыл мұнайлы өлкеде 43,9 млн тонна "қара алтын" өндiрілді

3145

Жалпы республикамыздың өнеркәсіп көлемінің 24%-ы Атырау облысына тиесілі. 

Биыл мұнайлы өлкеде 43,9 млн тонна "қара алтын" өндiрілді Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл мұнайлы өлкенің өнеркәсіптік көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Шығарылған өнім көлемі 14%-ға артып, 9 трлн теңгені құрап отыр. Жалпы республикамыздың өнеркәсіп көлемінің 24%-ы Атырау облысына тиесілі. Аймақта 10 ай ішінде 43,9 млн тонна мұнай, 22,7 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндiрілді", – деді өңір басшысы.

Биыл облыста өңірлік өнім көлемі 315,2 млрд теңгеге өсіп, 6,7 трлн теңгені, нақты көлем индексі 103,8%-ды құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі – 14,1%. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 9,6 млн теңге. Сонымен қатар аймақта салықтық түсімдер де артқан.

"Биыл салықтық және басқа да міндетті түсімдер 4,8 трлн теңгені құрады. Оның 2,3 трлн теңгесі мемлекеттік бюджетке жөнелтілді. Яғни 1,7 трлн теңгесі республикалық бюджетке,  6 млрд теңге қаражат жергілікті бюджетке түсті. Ұлттық қорға 2,5 трлн теңге аударылды", – деді Шәпкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу